Зауыт параметрлерін қалпына келтіру
Телефонның зауыттық параметрлерін
қалпына келтіру үшін
Мәзір
>
Параметрлер
>
Зау. бапт. қайт.
пәрменін және келесі параметрлердің
біреуін таңдаңыз:
Тек парам. орн. келт. — Барлық
таңдалған параметрлерді жеке
деректерді жоймай қайта қосу.
Бәрін орнына келт-у — Барлық
таңдаулы параметрлеріңізді босатып,
контактілер, хабарлар, медиа
файлдары және активтендіру кілттері
сияқты барлық жеке деректерді жою
50
Қолдау және жаңартулар
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
50
Қоршаған ортаны қорғауға
қатысты кеңестер
Мұнда қоршаған ортаны қорғауға үлес
қосу бойынша кеңестер беріледі.
Қуатты үнемдеу
Батареяны толық зарядтап,
зарядтағышты құрылғыдан
ажыратқанда, зарядтағышты қабырға
розеткасынан да ажыратыңыз.
Келесі әрекеттерді орындасаңыз,
батареяны жиі зарядтаудың қажеті
жоқ.
•
Қолданбаларды, қызметтерді және
қосылуларды пайдаланбаған
кезде оларды жабыңыз немесе
өшіріңіз.
•
Экранның жарықтығын азайтыңыз.
•
Егер құрылғыда қуатты үнемдеу
режимі бар болса, оны кішкене
жұмыссыз тұрғаннан кейін қуатты
үнемдеу режиміне өтетіндей етіп
қойыңыз.
•
Пернетақта үні сияқты керексіз
дыбыстарды өшіріп тастаңыз.
Қайта өңдеу
Nokia телефонындағы заттардың көбі
қайта өңдеуге келеді. Nokia өнімдерінің
қайта өңделуін www.nokia.com/
werecycle немесе www.nokia.mobi/
werecycle сайтынан қараңыз.
Орамалар мен нұсқаулық қағаздарын
жергілікті қайта өңдеу схемасы
бойынша қайта өңдеуіңізге болады.
Қосымша мәліметтер
Құрылғының қоршаған ортаға қатысты
сипаттары туралы қосымша ақпарат
алу үшін www.nokia.com/
ecodeclaration сайтын қараңыз.