
Дисплей
Мәзір
>
Параметрлер
>
Дисплей
дегенді және мыналардан таңдаңыз:
Тұсқағаз — бастапқы экран режиміне
арнап фон суретін қосу
Өзіндік бейнебеті — Өзіндік бейнебеті
режимін іске қосу, реттеу және
дербестеу
Өз-к бейн. қаріп түсі — өзіндік
бейнебеті режимі үшін қаріп түсін
таңдау
Жылжу түйм. белг-і — бастапқы экран
режимінде жылжыту пернесінің
белгішелерін көрсету
Ескерту жете ақп-ты — Жауап
берілмеген қоңыраулар мен хабарлар
туралы ескертпелердің егжей-тегжейін
көрсету
Скринсейвер — скринсейверді жасау
және орнату
Энергия үнемдегіш — дисплейді
автоматты түрде қараңғылау және
телефон белгілі бір уақыт ішінде
пайдаланылмаған кезде сағатты
көрсету
Күту режимі — телефон белгілі бір
уақыт ішінде пайдаланылмаған кезде
дисплейді автоматты түрде өшіру
Қаріп өлшемі — хабарлар мен контакт
аттарын жазу және веб беттер үшін
қаріп өлшемін орнату
Оператор логотипі — оператор
логотипін дисплейде көрсету
Ұя ақпар-н көрсету — егер желіде
қамтамасыз етілген болса, ұя куәлігін
дисплейде көрсету