Карталар мен GPS
Сіз Ғаламдық Орналасқан жерді табу
жүйесін (GPS) Карталар қолданбасын
қолдану үшін пайдалана аласыз.
Тұрған жеріңізді анықтаңыз немесе
қашықтығын өлшеп, координаталарын
беріңіз.
Телефоныңыздағы GPS функциясын
пайдаланбас бұрын, сіз алдымен
Bluetooth сымсыз технологиясы
арқылы телефоныңызды үйлесімді
сыртқы GPS қабылдаушысымен
жұптастыруыңыз тиіс. Толығырақ
ақпаратты өзіңіздегі GPS
құрылғысының пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.
Bluetooth GPS құрылғысын
телефоныңызбен жұптастырғаннан
кейін телефон ағымды орынды
анықтағанша бірнеше минут өтуі
мүмкін. Келесі байланыс жылдамырақ
болуы тиіс, бірақ сіз GPS бірнеше күн
бойы пайдаланбасаңыз немесе сіз оны
соңғы рет пайдаланған жерден алыста
болсаңыз, орныңызды анықтап,
көрсету үшін бірнеше минут жұмсалуы
мүмкін.
Ғаламдық Орналасқан жерді табу
жүйесі (GPS) оның дәлдігі мен жүзеге
асуын қамтамасыз етуде жауапты
болып табылатын Америка Құрама
Штаттары үкіметімен басқарылады.
Орналасқан жерді табу деректерінің
нақтылығына Америка Құрама
Штаттары үкіметі орындайтын және
Америка Құрама Штаттарының
азаматтық қорғаныс Департаментімен
GPS саясатына және Федералдық
Радионавигациялық Жоспарға сәйкес
өзгертілуі мүмкін GPS жерсеріктерінің
дұрыс орналаспауы дәлдікке әсер етуі
мүмкін. Сонымен қатар, дәлдігіне
жерсерігі орбитасы геометриясының
ақаулықтары да әсер етуі мүмкін. GPS
сигналдарының қолжетімділігі мен
сапасына сіздің орналасу орныңыз,
ғимараттар, табиғат ортасы және ауа
райы да әсер етуі мүмкін. GPS
сигналдары ғимараттардың ішінде
немесе жердің астында қатынаулы
болмауы мүмкін және бетон және
металл сияқты материалдардан
әлсіреуі мүмкін.
GPS құрылғысы нақты орналасқан
жерді анықтау үшін
пайдаланылмайды, орынды анықтау
немесе навигация үшін тек GPS
қабылдағышынан және ұялы радио
желілерден алынған деректерге
ешқашан сенбеу керек.