Nokia 3720 classic - Голограмма шынайылығын растау

background image

қалдық түрінде қоқысқа тастамаңыз.

Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз,

кеспеңіз, ашпаңыз, майыстырмаңыз, бүлдірмеңіз,

теспеңіз немесе кішкентай кесектерге бөлшектемеңіз.

Батареядан еріп кеткен жағдайда сұйықтықты теріге

немесе көзге тигізіп алмаңыз. Теріңізге немесе

көздеріңізге сұйықтық тиген жағдайда сумен жуып

тастаңыз немесе медициналық көмек іздеңіз.

Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа

заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе оны

суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе

салмаңыз.

Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің, жарылыстың

немесе басқа қауіптің пайда болуына алып келуі мүмкін.

Егер құрылғы немесе батарея түсіп кетсе, әсіресе қатты

жерге түсіп, сіз батареяның бүлінгеніне сенімді

болсаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін

қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.

Батареяны тек арнайы мақсаттарға сай пайдаланыңыз.

Ешқашан зақымданған зарядтағышты немесе

батареяны пайдаланбаңыз. Батареяңызды кішкентай

балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Батарея

53

© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

53

background image

Күтім және техникалық қызмет көрсету
Сіздің құрылғыңыз дизайны мен шеберлілігі жоғары өнім

болып табылатындықтан, оны ұқыпты пайдалану керек.

Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіз күшін сақтауға

көмектеседі.

Құрылғыны шаң, лас жерлерде пайдаланбаңыз.

Оның ауыстырмалы бөліктері мен электрондық

бөлшектерінің зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны ыстық жерлерде сақтамаңыз. Жоғары

температура электрондық құрылғылардың қызмет

ету қысқартып, батареяларды зақымдауы және

пластикалық бөліктерінің қалпын бұзуы немесе

балқытып жіберуі мүмкін.

Құрылғыны суық жерлерде сақтамаңыз. Құрылғы

қалыпты температурасына келгенде, оның ішінде

ылғал пайда болып, электрондық тізбек

тақталарын зақымдауы мүмкін.

Құрылғының осы нұсқаулықта көрсетілгеннен

басқа жолдармен ашуға әрекеттенбеңіз.

Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы

болмаңыз. Өрескел пайдаланудан ішкі тізбек

тақталары мен жұқа механизмдердің зақымдануы

мүмкін.

Күшті химиялық заттарды, тазалағыш ерітінділерді

немесе күшті жуу құралдарын құрылғыны

тазалауға пайдаланбаңыз.

Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын

бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс

жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Тек қана жинақпен жеткізілген етілген немесе

мақұлданған антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсат

берілмеген антенналар, түрлендірулер немесе

көмекші құралдар құрылғыны зақымдап, радио

құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.

Зарядтағыштарды бөлмеде пайдаланыңыз.

Әрқашан контактілер мен күнтізбе жазбалары

сияқты қалаған мәліметтеріңіздің көшірмесін жасап

жүріңіз.

Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін уақытылы мезгіл-

мезгіл бастапқы қалпына келтіру мақсатымен оны

өшіріп, батареяны алыңыз.

Бұл ұсыныстар құрылғыңызға, батареяңызға,

зарядтағышыңызға немесе кез келген қосымша аспапқа

бірдей қолданылады. Егер құрылғы дұрыс істемей тұрса,

тексерту үшін оны жақын өкілетті қызмет көрсету